Қорғаныс вице-министрі Украинаға Қазақстаннан бітімгерлер жіберіле ме деген сұраққа жауап берді.

“Мұндай тәуекелдер жоқ. Себебі бұл мемлекеттің ерікті қатысуына байланысты. Бұл біріншіден. Екіншіден, әскери контингенттің мемлекеттен тыс кез келген бағытын Парламент мақұлдайды. Парламентке жауап бере алмаймыз, біз Қорғаныс министрлігіне жауап береміз”, – деп түсіндірді Сұлтан Камалетдинов.