Кейбір емханада өкпені жасанды жолмен желдететін құралдарға құятын оттегі жоқ. Ресми мәлімет бойынша, көптеген адам дем жетпей, қиналуда. Жергілікті дәрігерлер мен еріктілер құрбандар саны билік келтірген деректен анағұрлым көп екенін алға тартады. Үкімет қордан қосымша оттегі бөлуге уәде берген. Алайда бұл науқастардың жартысына ғана жетуі мүмкін. Бүгінде төрт мыңға жуық өкпесі қабынған адам өлім аузында жатыр. АҚШ Үндістандағы вирустың өршуіне алаңдаушылық білдірдіп, екпе жасайтын сұйықтықтар мен қорғаныш құралдарын, коронавирус тестін жолдамақ. Ұлыбритания мен Франция да оттегі және жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек. Сондай-ақ Еуропа одағы да Үндістанға медициналық құралдармен көмек қолын созбақ.