Нью-Йорк қаласында коронавирустың жаңа “йота” штамы анықталды деп хабарлайды Москва24. Бұл туралы Орал федералды округігің ДСМ медициналық алдын-алу жөніндегі штаттан тыс бас маманы Сергей Токарев мәлімдеді. “Ол 82 пайыз өлім-жітімге әкеп соғады. Әсіресе, 45 жастан асқандарға қауіпті. Басқа штамдардан 25 пайыз тез жұғады”,- деді Токарев. Өз кезегінде иммунолог Николай Крючков “йота” штамы жайында ақпарат әзірге аз екенін мәлімдеді. Сол себепті бұл мутация туралы болжам жасау әзірге ерте, дейді ол.