Асхат Аймағамбетов қыркүйектен бастап оқушылар дәстүрлі форматта оқитынын айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында қыркүйектен бастап оқушылар дәстүрлі форматта оқитынын айтты деп жазады BAQ.KZ. Оның сөзінше, оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады. Оқу 34 аптаны қамтиды. Тағы 4 апта жазғы мектепті құрайды. Аймағамбетов мектептерде 3,6 миллион бала оқитынын жеткізді. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрық пен әдістемелік нұсқаулық өңірлерге жіберілгенін жеткізді. Жаңа оқу жылында балалардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптар барлық мектеп пен колледжде, ЖОО-да сақталмақ. Министрдің айтуынша, білім беру ұйымдарындағы педагогтар мен оқушылар, студенттер маска тағуы керек.