Оқушылар күзде неше күн демалады

Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталуға таяды. Күзгі демалыс 1 қарашада басталады. Мектептердегі демалыс 1-7 қараша аралығында бір аптаға созылады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі. Демалыс басталар алдында мектептерде БЖБ және ТЖБ өткізіледі, содан кейін тоқсанға қорытынды баға қойылады. Білім министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылында 30% мектеп бір ауысымда оқуға ауысты. Мектептердің 68%-інде оқыту екі ауысымда жүргізіледі, ал мектептердің қалған 2%-інде оқу процесі үш ауысымда ұйымдастырылған.