OLX.kz сайтынан есірткі саудагерлерін жұмысқа шақыратын үш мың жарнама жойылды

Онда жасырын жарнамалар тарағаны туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. “Есірткі жасырушыларды жалдау туралы жарнамаларды анықтау үшін ведомство ірі хабарландыру сервистерінің бірі OLX-пен тікелей жұмыс істейді. ІІМ мемлекеттік органдардың, OLX Group өкілдерінің және еріктілердің қатысуымен арнайы чат құрды. Онда күдікті хабарландыруларға сілтемелер жіберіліп отырады. Ол жан-жақты тексеруден кейін расталған жағдайда, олар дереу жойылады”, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.