“Қомағай мердігерлерді асырауды доғарайық!” – депутат миллиардтаған теңгенің жұмсалуына наразы болды
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров инфрақұрылымдық жобаларға бөлінетін қомақты қаражаттың тиімсіз жұмсалып жатқанын сынға алды. Ол бюджет қаржысының қатаң бақылауда болуы керектігін айтты. Сайыровтың мәліметінше, соңғы жылдары құрылыс жобаларының құны негізсіз өсіп келеді. Антикор агенттігі жол құрылысы саласында 10 млрд теңгеге дейінгі бағаның жасанды түрде көтерілгенін анықтаған. Депутат Алматыдағы метро құрылысы, Екібастұздағы үшінші энергоблок және газ құбырларының бағасының негізсіз өсуін мысалға келтірді. Ол халық қаражатын оңды-солды шашуға жол бермеу керек деп санайды. Депутат мемлекеттік қаржыны бақылауды күшейтіп, жобалардың негізсіз қымбаттауын тоқтатуды талап етті.