“Сұр” смартфондар кесірінен мемлекет ҚҚС бойынша 100 млрд теңге жоғалтады

“Сұр” смартфондар кесірінен мемлекет ҚҚС бойынша 100 млрд теңге жоғалтады. Депутаттар құрылғылар санына лимит енгізуді ұсынды
Депутаттар мобильді құрылғылардың заңсыз айналымын азайту үшін нақты шаралар ұсынды. 2024 жылы смартфондардың 64%-ы «сұр» схемалар арқылы кіргізіліп, мемлекет 100 млрд теңге салықтан айырылған. Депутат Екатерина Смышляева IMEI жүйесін кедендік деректермен біріктіруді, импортталған құрылғылардың «ақ тізімін» жасауды және заңсыз телефондарды бұғаттауды ұсынып отыр. Сонымен қатар, жеке пайдалануға әкелінетін телефондарға жылына екі құрылғыдан аспайтын шектеу енгізу қажет екенін айтты. Бұл шаралар бюджет шығынын азайтып, әділ салық жүйесін қалыптастыруға көмектеседі-мыс.