“Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі осылай деп хабарлайды. Ведомство мәліметінше, биыл 11 желтоқсаннан бастап Алматы-2 стансасына дейін жолды ұзарту жоспарланған. Пойыз тәулігіне орта есеппен 25-40 адам тасымалдайды. Маршрутты іске қосу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбеген. Жыл соңына дейін бағытты ұстау “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының жеке қаражаты есебінен ұйымдастырылады. “Жергілікті атқарушы органдармен 2023 жылға арналған бағытты субсидиялау туралы шешім қабылданса, “Жолаушылар тасымалы” АҚ тасымалдауды ары қарай жүзеге асыру үшін тендерге қатысады”, – делінген хабарламада. Еске салайық, 11 қарашадан бастап “Жолаушылар тасымалы” АҚ Қонаев-Алматы бағытындағы күнделікті қала маңындағы пойызды іске қосты. Пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді.