Өскемендегі ЖЭО-да қазандықтан ақау шықты

Шығыс Қазақстандағы қатты аязға орталықтағы жабдық шыдамады. Бір күн бұрын датчиктерден шыққан ақауға байланысты №15 қазандық сөніп қалды. Оны 1,5 сағаттан кейін қайта іске қосқан. Бірақ желі суының айналуында қиындықтар бар. Суықтың салдарынан су мың тоннаға артқан. Бұл қала тұрғындарының батареяларындағы температураның төмендеуіне әсер етті. Олар әлеуметтік желілерде шағымданып жатыр. Қазір станция жөндеу бригадаларының санын көбейтті. Жеті қазандық пен алты турбоагрегат жұмыс істеп тұр.