Әлемге әйгілі опера әншісі Сүндет Байғожин Қостанай қаласындағы филармония директоры қызметінен босатылғаннан кейін мекемеде тексерулер басталды. Тексеру жұмыстарын облыстық мәдениет басқармасының ішкі аудит қызметі мен аймақ әкімі аппараты жүргізуде. Бұл туралы басқарма басшысы Ерлан Қалмақов мәлімдеді деп жазады “Наш Костанай”. Басылым 26 наурызда Сүндет Байғожиннің қызметке оралуын талап еткен өнерпаздардың бастамашыл тобы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездескісі келгенін атап өтті. Алайда, карантинге байланысты аймақ басшысы мұндай кездесулерді тек онлайн режимінде өткізетінін және олардың тізімге енгізілгені мәлімдеген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әртістер жұмыстан шығарылған Сүндет Байғожинді қайтаруды талап еткен еді. Олардың пікірінше, экс-директор өз еркімен арыз жазуға мәжбүр болды. Опера әншісінің өзі журналистерге мекемеде дау-дамай туындағанын айтқан еді.