Ахметжан Есімов “Самұрық-Қазына” басшысы қызметінен кетті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовке “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында атқарған жемісті қызметі үшін алғыс білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Есімовтің басшылығымен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде алдыңғы қатарлы халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өтті.Өз кезегінде Ахметжан Есімов өзіне артылған жоғары сенімі үшін Елбасына алғыс айтты. “Самұрық-Қазына” қорының жаңа басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды