Жақтастары оның жағдайы өте қиын дейді. Сотталушыларға арналған облыстық аурухана Владимир облысындағы ИК-3 аумағында орналасқан. Қазір Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Оны күн сайын терепевт-дәрігер тексереді. Науқастың келісімімен оған витаминдік терапия тағайындалды, – деді Ресейдің Федералды қылмыстық-атқару қызметі. 31 наурызда Навальный медициналық көмекке зәру болғандықтан аштық жариялады. Бұған дейін саясаткер белі мен аяғының қақсайтындығына шағымданған. Оны “қашуға бейім” мәртебесіне байланысты сағат сайын түнде оятып тексеріп тұрғандықтан Навальный ауырып қалған. Дене қызуы 38,1-ге дейін көтеріліп, қатты жөтел пайда болған. Оппозиционердің айтуынша, қазірдің өзінде оның камерасындағы үш сотталушыдан туберкулез анықталған.