Еліміздің оңтүстігінде үсік жүреді

“Қазгидромет” синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады. Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне Скандинавия түбегінен келген суық антициклон себеп болып отыр, – делінген хабарламада. Скандинавиядан суық арктикалық ауа келуіне байланысты Алматыда түнде 5 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз күн жылы болады.