Президенттің өкімімен Марат Құсайынов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды. 6 қыркүйекте Ақорда сайты осылай деп хабарлады. Тамыздың соңында Жамбыл облысындағы әскери қойманың жарылуына байланысты қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметінен кеткен болатын. Оның орнына орынбасары Мұрат Бектанов қорғаныс министрі болып тағайындалған. 54 жастағы Марат Құсайынов бұған дейін Қазақстан Қарулы күштері бас штабы бастығының бірінші орынбасары болған. Әр жылдары қорғаныс саласында түрлі қызметтер атқарған.