Ведомство мәліметінше, әскери борышын өтеуден жалтарған адамдарды іздестірумен ішкі істер органдары айналысады. Әскерге шақырылғандарды, полиция қызметкерлері дереу қабылдау учаскесіне жеткізеді. Егер жігіт жарамды деп танылса, оны әскерге жібереді. Қорғаныс министрлігі барлығы өте жылдам болып жатқанын растады. Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтар әскер жасындағы жігіттерге рейд жүргізілгені туралы хабарланған еді. Жазбаларда полицейлер жастарды әскери комиссариаттарға күштеп апарып, әскер қатарына жібереді деп айтылған болатын.