Қазақстандықтар “Қазпошта” АҚ хабарламаларды тек орыс тілінде жіберетініне наразы.

Компания мәліметінше, қазір хабарламалардың барлық түрін қазақ тіліне баптау және аударумен айналысып жатыр. 56 қызмет түрін қазақшалау бір ай ішінде аяқталады. “Тұтынушылардан кешірім сұраймыз және хабарламаларды қазақ тілінде жіберу үшін барлық қажетті шараны қолданып жатқанымызға сендіргіміз келеді. Корпоративтік веб-сайт пен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар мемлекеттік тілде жүргізілетінін мәлімдейміз. Пошта бөлімшелерінде тұтынушы қызметті өзіне ыңғайлы тілде таңдай алады”, – деп хабарлады “Қазпошта” АҚ қызметкерлері.