Тəртіп сақшыларының айтуынша, шет жерлік жас жігіттер мас күйде болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Төбелес қыркүйектің 30 күні түнде бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Полиция сол кезде төрт адамды ұстады. Кейін сот жаппай төбелеске қатысы бары анықталған ресейліктерді елден шығару туралы шешім шығарды. Айта кету керек, олардың үшеуі Қазақстанға Саратов облысынан, ал біреуі Уфа қаласынан жеткен екен. Олардың барлығына да әкімшілік хаттама толтырылды.