68 ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірді

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет қабырғасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның айтуынша, соңғы бір-екі аптада көрші мемлекеттен 200 мың адам еліміздің аумағына кірді. Бірақ олардың 147 мыңы сыртқа шығып кетті. Қазір ахуал тұрақталып келе жатыр. Басында күніне 30 мыңнан астам Ресей азаматы шекара асса, қазір олардың саны 7 мыңнан аспайды,-деді Ахметжанов.