Оралдағы атыстан 24 жастағы жігіттің ішкі органдары зақымданған. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жанжалға қатысы бар 20 адам ұсталды. Куәгерлер оны шабуылшылардан қалай жасырғанын айтып берді деп хабарлайды “Астана” телеарнасы. Түнжарымда қансыраған жігіт қарауылдан біреулер өлтіргісі келетінін айтып, жасыруын сұраған. Оны артынан бес адам қуып келген. Олар қашқан жігітті тапқанда полиция келіп үлгереді. Атыс болған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. “Науқасқа шұғыл ота жасалды, бірнеше жері – сол жақ өкпесі, диафрагма, асқазан, аш, тоқ ішек, бүйрек, көкбауыры зақымданған”, – деді облыстық көпбейінді аурухананың тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ербол Есеев. Қазір тергеу “Бұзақылық” бабы бойынша жүріп жатыр. Ер адамдар арасындағы жанжал не үшін болғаны тергеу мүддесіне сәйкес айтылмай отыр.