Таразда Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты 51 айыпталушыға сот үкімі оқылды. Ең ауыр жаза – 20 жыл түрме жазасы. Бір адам толық ақталып шықты. Жамбыл облысы бойынша сот әкімшілігінің жетекшісі Берік Құлтасовтың хабарлауынша, сот айыпты деп таныған 19 адамды бес жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айырған. Оларға “Адам өлтіру”, “Жаппай тәртіпсіздік” бойынша айыптар тағылған. Жамбыл облысы сотының мәліметінше, 9 адамға – 5 жыл түрме жазасы берілген. 31 адамға шартты жаза немесе бостандықты шектеу жазасы тағайындалған: 24 адам шартты түрде бас бостандығынан айырылды, 7 адамның бостандығы шектелді.