Батыс Қазақстан облысында блокбекеттер қойылады

1 мамырдан бастап Батыс Қазақстан облысында блокбекеттер қайта қойыла бастайды. Аймақтың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Орал қаласы және “қызыл аймақта” тұрған барлық аудандардың кіреберісіне блокбекеттер қойылады. Қазір облыста мұндай алты аудан бар: Ақжайық, Бәйтерек, Бөрілі, Қазтал, Теректі және Шыңғырлау.