Қордайдағы қақтығысқа қатысқандар сот алдында жауап беріп жатыр. Бүгін Тараздағы тергеу изоляторында сот алды тыңдалым өтті. Сот отырсы өтетін тергеу қапасын күш құрылымдары қоршап, жолды қос қапталдан бөгеп тастап, қауіпсіздік шараларын күшейтті. Отырыс ашық өтті. Оған қатысушылардың ПТР-анықтамасы болуы шарт. Сондықтан бәрі мұқият тексерілді. Ал ақпарат құралдары сот отырысын онлайн бақылауға мәжбүр болды. Қордай оқиғасына қатысқан 51 адамға айыптау актісі оқылды. Көбі кінәсін мойындамады. Он адамға кісі өлтіру айыбы тағылса, қалғандарына жаппай тәртіпсіздік, қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау, қорқытып алу, қарақшылық баппен жауапқа тартылады. Еске сала кетсек,ақпан айында Қордайдағы бірнеше ауылда жаппай тәртіпсіздік болып, 11 адам қаза тапқан еді.