Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысты жеті адамға үкім шығарылды. Бас прокуратура үкімге қатысты пікір білдірді. Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен ұрлық жасағаны және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандар 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Жеті сотталушының бесеуі жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталса, екі сотталушыға аса ірі көлемде ұрлық жасады деген айып тағылды.
“21 шілдеде арнайы прокурорлар 51 адамға қатысты қозғалған тергеуді аяқтады. Оларға осы жылдың ақпанында Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында болған оқиғалар барысында зорлық-зомбылық көрсетті, кісі өлтірді, мүлікті өртеді, жаппай тәртіпсіздікке арандатты және билік өкілдерінің талабына бағынбады деген айып тағылды. Қазіргі таңда айыпталушылар қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр.
Кейін бұл істер сотқа жіберіледі. Ал наурыз-тамыз аралығында полицейлерге қарсылық көрсеткен ағайынды Воингуй (18 наурызда 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды), әкесі мен ұлы Юнху Құдашбаевтарға қарсы қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіріп, бұзақылық жасағаны үшін (24 сәуірде әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды), Вейсер 54 дана Молотов коктейлін дайындағаны және тасымалдағаны үшін (12 тамызда 3 жылға бас бостандығынан айырылды) сотталды”, – делінген хабарламада.