Қарабақтағы қақтығыста франциялық екі журналист жарақат алды

Қарабақтағы қақтығыста франциялық екі журналист жарақат алды. Le Monde басылымының журналистері ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Армения ақпарат орталығы хабарлады. Айта кетейік, Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Карабақ “әуе және зымыран шабуылына тап болған”. Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.