“Алтын Ордаға” қатысты тергеу жүріп жатыр. Әділ шешім болады деп ойлаймын. Кінәлілер бірі қалмай жазаланады. Біреу қылмыс жасаса, осы базардың иесі немесе басшысы жазаға тартылады”, – деді мәжіліс спикері. Айта кетейік, ақпанның басында президент әкімдерге “Алтын Орда” базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.