Қостанай облысында 12 санитарлық бекет қойылды. Онда 94 адам адам кезекшілік етеді. Олар полицейлер, дәрігерлер, жедел әрекет ету тобының қызметкерлері. Қостанайға кіріп шыққан көліктер түгелдей тексеріледі. Техника қозғалысына ешқандай шектеу жоқ. Жүргізушілерден арнайы рұқсат қағазы талап етілмейді. Қостанай облысында кешкі сағат 9-дан таңғы 6-ға дейін тұрғындарға себепсіз көшеге шығуға тыйым салынды. Аймақта демалыс күндері әлі де локдаун боп саналады. Сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік тоқтайды. Азық-түлік дүкендерінен басқа, сауда орындары жұмыс істемейді.