Қазақстандықтардың ұялы телефонына жеке құжаттардың мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама жіберіледі

Қазақстандықтардың ұялы телефонына жеке құжаттардың мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке куәліктің, паспорттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы SMS телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға құжат мерзімінің аяқталуына бір ай қалғанда келеді. Хабарламада “Жақын арада сіздің жеке куәлігіңіздің (паспорттың, жүргізуші куәлігінің) қолданылу мерзімі аяқталатынын еске саламыз. Жаңа құжатты алу үшін үйден шықпай-ақ eGov.kz арқылы өтініш бере аласыз” деп жазылады.

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, проактивті қызметтің арқасында адамдар құжат мерзімін өткізіп алмай, тапсырыс бере алады.