Қостанай облысында 15 медқызметкерден коронавирус анықталды. Одан бөлек, сол аудандық ауруханадағы үш науқастың ковид жұқтырғаны белгілі болды. Облыстың бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, Жітіқара орталық аудандық ауруханасындағы терапевтік және хирургиялық бөлімдер карантинге жабылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Карантин 4 қарашадан 19 қарашаға дейін жалғасады.