Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінде астыртын казино анықталды. Қаржылық мониториинг агенттігінің облыс бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын мекемесін тексеру кезінде покер ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сынды заттай айғақтарды сот үкімі негізінде жойды. Жасырын казиноны ұйымдастырушылар мен сыбайластар ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.