Майнингке салынатын салық жүктемесі артады

Қаңтарда зардап шеккен кәсіпкерлерге салық жеңілдігі қарастырылады. Бұл жөнінде бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. «Мемлекет басшысы қаңтар айындағы оқиғалар барысында келтірілген залалды өтеу, бизнеске жәрдем көрсету туралы тапсырма берді. Аталған жұмыс барысында салық салу мәселелері де бар. Сондықтан алынған өтемақы сомасы бойынша кәсіпкерлерді салық міндеттемесінен босату мақсатында осы мәселені реттеу нормалары ұсынылады», – деді Әлібек Қуантыров. Мәжіліс отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде елімізде пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артатыны айтылды. Сонымен қатар цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейтілмек.