Қостанайда терроризмді насихаттаған радикал ұсталды. Қостанайда полицейлер радикалды діни идеологияны қолдайтындарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. “Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы терроризмді насихаттағаны үшін 12 жылға, ал діни араздықты қоздырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – делінген хабарламада. Қостанайлық экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.