Шенген қымбаттады: Еуропаға баруға арналған визаның құны қанша теңгеге өсті

Шенген қымбаттады: Еуропаға баруға арналған визаның құны қанша теңгеге өсті. Еурокомиссияның шешіміне сәйкес, С үлгісіндегі қысқамерзімді Шенген визасын алу құны ересектер мен 6 жастан асқан балалар үшін 12 пайызға өсті. Енді 2024 жылғы 11 маусымнан бастап қысқамерзімді Шенген визасын алу үшін 12 жастан асқан қазақстандықтар 90 еуро төлеуге тиіс (мақала жазылған кездегі бағам көрсеткішіне сәйкес, бұл 43 374 теңгеге тең). Алты жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін бір адамға арналған виза 45 еуро тұрады. Ал алты жасқа дейінгі балаларға виза тегін беріледі. SchengenVisaInfo сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Шенген аймағы дегеніміз – ортақ шекаралардағы төлқұжат пен иммиграциялық бақылауды алып тастау туралы шешім қабылдаған 29 Еуропа елдерінен құрылған ұйым. Шенген аймағындағы 29 еуропалық елдің азаматтары ұйым мүшесі болып саналатын елдерге еркін саяхаттай алады.