Петропавлда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және вете-ринария бөлімі басшысының міндетін атқарып жүріп, пара алған шенеунік осылай жазаланды. Мадияр Жанғұдин мемлекеттік сатып алу бойынша мал қорымдарын күзету қызметін көрсеткен кәсіпкерден орындалмаған жұмыстарға қол қою үшін «ауызбастырық» сұраған. Уақытша басшы болған мемлекеттік қызметкер сәуір айында қолма – қол ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оның басшыларын да жауапқа тарту туралы ұсыныс жасады.