Алматыда танымал кәсіпкер, Алмас Әбдіғаппаров қамауға алынды.

Ақпаратты 27 шілдеде таңертең Алматы қалалық соты растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкер екі ай мерзімге қамауға алынған. Оған 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында көзделген “Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету” бойынша айып тағылған.