Павлодарда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған полицей сотталды. 23 жастағы желілік полиция бөлімінің кіші сержанты төрт ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот мәліметінше, полицей барлық қылмысты жұмыс уақытында жасаған. Ол бос уақытында тонаумен айналысқан. Ер адамның ойынға тәуелді болғаны анықталды. “Сотталушының кінәсі жәбірленушілер, куәгерлер айғағымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сондай-ақ, ол “полицияның кіші сержанты” атағынан айырылды”, – деді судья Ахметова. Сотталушы өзі сотта куәлік беруден бас тартты, ол өз кінәсін ішінара мойындап, үкімді жеңілдетуді сұрады.