Ер адам қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

Ер адам қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған. Ол қызды қорқытып 12 миллион теңге талап еткен. Криминалдық полиция ақпаратынша, Алматы қаласы Шаңырақ ықшамауданының Д. есімді 40 жастағы тұрғыны оңай ақшаға осылай кенелмек болған. Бұрын ер адамның бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды. Полицияға 23 жастағы әйел анасының танысы әлеуметтік желіге интим сипаттағы фотосуреттер мен видеоны жариялаймын деп қорқытып, ақша сұрағанын айтқан. “Дерекке қатысты соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, осыған дейін сұраған ақшаның жартысын алғанын айтты. Тергеу жалғасады”, – деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.