Павлодарда психикалық ауытқуы бар балаларды төсекке таңып жазалағандар сотталды. 18 педагогке “балаларға жәбір көрсетті” деген айып тағылды деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.
Оның төртеуі бас бостандығынан айырылса, тағы біреуінің ісі сотта қаралып жатыр. Қалған 13 қызметкердің ісі тергелуде. Бұл жантүршігерлік оқиға жыл басында тіркелген. Орталық қызметкерлерінің мүгедек балаларға жәбір көрсеткені туралы видео желіде пайда болған.
Бейнежазба көпшіліктің ашуын тудырған. Тіпті, кейбір балалар төсекте байлаулы қалпы таң атқанша жатқаны белгілі болды.
Павлодар облысында жыл басынан бері балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің 22 дерегі анықталған. Олардың ішінде балаларға сексуалды сипатта күш қолдану жағдайлары да кездеседі.