“Балдәурен” балабақшасына қатысты қызметтік тексеру жүргізу үшін жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері кірді.”Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай жыл сайынғы профилактикалық тексеріс аясында анықталды. Қазір қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан шеттетілді”,- деді Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Осы жағдайға байланысты дезинфекциялау орталығының қызметкерлері барлық тұрғын-жайды дезинфекциялады. Ведомство қызметкермен қарым-қатынаста болған балаларға манту сынағы берілетінін айтты.