Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ке дейін төмендетті

Базалық ставка бойынша кезекті жоспарлы шешім 24 қарашада жарияланады. Ұлттық банк инфляцияның белсенді баяулауы базалық мөлшерлемені төмендетуге септігін тигізгенін атап өтті. Дегенмен сыртқы секторда және экономика ішінде проинфляциялық тәуекелдер болуына байланысты биыл оны одан әрі төмендету мүмкіндігі айтарлықтай шектеліп отыр. Жыл соңына дейін ақша-кредит саясатын жеңілдету жылдық инфляция бір мәнді деңгейге дейін баяулаған жағдайда қаралады.