Наурыз мерекесіне орай бір апта бойы олардың дресс-коды классикалық киім үлгісінен ұлттық нақыштағы киім үлгісіне ауысады. Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Руфия Мұстафинаның айтуынша, идеяның авторы – қала әкімі Болат Жұмабеков. «Біз өзіміз ғана киіп қоймай, әріптестерімізді де ұлттық киім киюге үндеп, челлендж бастадық», – дейді Руфия Мұстафина. Пандемияға байланысты Петропавлда биыл да Наурыз мейрамында халық көп шоғырланатын ойын-сауықтық бағдарламаларға тыйым салынбақ. Маманның айтуынша, мерекелік іс-шаралар онлайн ұйымдастырылады.