Алматыда локдаун жариялануы мүмкін

Ауруханаға күніне 300 науқас жатқызылса қала жабылады. Шаһардың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жадарбек Бекшин онлайн-брифингте осылай деп мәлімдеді. «Уақтылы шаралар қабылдамасақ, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндет – бұған жол бермеу. Әлі кеш емес”, – деді Бекшин.