Ақсу қаласында ер адам мас күйінде полицейге шабуыл жасаған. Полицияға әйел хабарласып, ұлының таныштық бермей агрессия көрсетіп жатқанын айтып көмек сұраған. Ер адам мәселенің мән-жайын анықтауға келген полицейлердің бірін үтікпен басынан ұрып, білегінен тістеп алған. Сол жерге жіберілген автопатруль мас бұзақыны полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Айта кетері, осы қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.