Мемлекет басшысы еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды құттықтады

Айта кетейік, еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Белградта өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. «Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін”, – деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Сербия астанасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті 4:2 есебімен жеңіп, 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.