Полиция атыраулық журналист Виктор Сутягиннің көлігінің өртенуіне қатысты пікір білдірді. 11 мамыр күні сағат 04:21-де Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автопатрульдеу кезінде өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін байқаған. Жарылыс белгілері болған жоқ. Оқиға орнында тиісті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің 202-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген. Еске салайық, белгісіз біреулер журналист Виктор Сутягиннің көлігін жарып кеткені хабарланған болатын. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Атыраудағы журналист Виктор Сутягин 67 жаста. “ҚазАқпарат” ХАА-тің меншікті тілшісі болып жұмыс істейді.