Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болды

Бұл туралы “Костанайские новости” басылымы хабарлады. Николай Георгиевич Барабанов 1942 жылы тамызда майданға аттанған. Орталық және Дала майдандарындағы ұрыстарға қатысып, Украинаны азат еткен. Екі рет жараланған. Майданға тылда да көмектесуін жалғастырады. Тельман атындағы астық совхозында механик болып жұмыс істеген. Басылым мәліметінше, Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының 19 ардагері бар.