Бүгінгі үкімет отырысында Екібастұз қаласын жылумен қамту мәселесі қаралды. “Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керек. Апатқа себеп болған барлық мәселені тез арада шешу қажет. Энергетика министрлігі индустрия министрлігімен бірлесіп, “Екібастұзжылуэнерго” мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізсін. Қыс басталмай жатып, осындай төтенше жағдай болып отыр. Барлық әкім бұдан қорытынды шығаруы тиіс”, – деді премьер-министр Әлихан Смайылов.