Президент бүгін «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Оның жүзеге асуына екі ай мерзім беріліп отыр. Мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушының қолымен бұдан бұрын енгізілген хат-хабарға бірінші басшысының қайтадан қол қоюы және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізу жөніндегі талап алып тасталатын болды. Құжат бойынша, орталық мемлекеттік органға жаңа бірінші басшы тағайындалған кезде нормативтік құқықтық актінің жобасын қайта келісуге тыйым салынады.