Алматыда демалыс күндері екі көше жабылады

Бұл туралы “Алматы жылу желілері” компаниясы хабарлайды. “16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 06:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданында Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелері қиылысындағы көлік қозғалысы шектеледі”, – делінген хабарламада. Жылу желілерінде жөндеу жұмыстарынабайланысты уақытша шектеулер енгізіледі. Сол себепті аталған учаскені айналып өтетін жолдарды алдын ала қарастыруды сұраймыз дейді мамандар.