Үкімет басшысы Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен Елена Рыбакинаға Президент Тоқаевтың Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі “Достық” орденін табыс етті. “Барлық қазақстандық сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайысыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, сіз отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін”, – деді Әлихан Смайылов.